Accessibility links

НАСА: “Дискавери” кемесінің қабырғасына тиген зақымдарды анықтауға 3 күн уақыт керек”


МӘСКЕУ. Бүгін АҚШ-тың “Дискавери” кемесінен Халықаралық ғарыш бекетіне 15 тоннаға жуық жүкті түсіре бастады. АҚШ астронавтарының ашық ғарыш кеңістігінде 6 сағат жұмыс істеуі сенбіге жоспарланып отыр. Жапон ғарышкері Соичи Ногучи мен АҚШ астронавты Стив Робинсон «Дискавери» ғарышқа ұшқан сәтте нұқсан келді-ау деген кеме қабырғасының 11 бұрышын тексеруге тиіс. АҚШ-тың ғарыштық НАСА агенттігінің хабарлауынша, шаттлға нұқсан келген-келмегенін анықтауға 3 күндей уақыт керек. Тағы да НАСА-ның мәлімдеуінше, «Дискавери» жерге оралысымен, шаттл кемелерінің техникалық ақаулықтары түгел жойылмай, ондай ғарыш кемелерінің ғарышқа ұшуы уақытша тоқтатылады.
XS
SM
MD
LG