Accessibility links

Ирақтағы ағылшын әскерінің қатары да шығын көре бастады


БАСРА. Бүгін Ирақтың Басра қаласында ағылшын консулдығының автокеруені жол бойындағы бомбаға жарылып, 2 ағылшын күзетшісі қаза болды. Қанша адамның жарақат алғаны әзірге белгісіз. Консулдік өкілінің хабарлауынша, жарылыс қала ішінде болған. Ирақтың оңтүстігіндегі Басра мен өзге елді-мекендеріндегі қауіпсіздікке британ күштері жауапты. Бүгін Ирақтың солтүстігіндегі Әр-Рабия қаласының полициясы хабарлағандай, кеше болған жарылыстың құрбандары 40-қа, ал түрлі жарақат алғандар 57-ге жетті. Бұл қастандық армияға шақыру орталығында болды.
XS
SM
MD
LG