Accessibility links

Египет президентін жақтаушы азаматтар ереуілшілерді сабады


Египет полициясы және ел президенті Хосни Мүбаракты жақтаушы азаматтар кеше Қаир қаласында демонстрацияға шыққан реформашыл белсенділерді соққыға жықты. Ереуілшілерді соққан еркектер жай киінген екен, олар полиция таяқтарымен қаруланған боп шықты. Демонстрацияға шыққандар қыркүйек айына белгіленген тұңғыш баламалы президенттік сайлауға шығып отырған Хосни Мүбаракқа қарсылық танытты. Хосни Мүбарак ел президенті қызметінде ширек ғасыр отыр. Египетте президент осы уақытқа шейін парламент ұсынған жалғыз кандидатты референдумда қолдау арқылы іріктеліп келген еді. Египеттің одақтасы болып табылатын Америка Құрама Штаттары алдағы сайлауды халықаралық бақылаушылар қадағаласын деп талап қойып келеді.
XS
SM
MD
LG