Accessibility links

Иран Еуроодаққа ультиматум қойды


ТЕҺРАН. Егер Еуропалық Одақ Иранның ядролық бағдарламасы маңайындағы дағдарысты шешу үшін нақты ұсыныстар жасамаса, онда Иран 24 сағаттан кейін уранды байыту ісін қайта бастауы мүмкін. Бұл туралы Иран өкілі Әли Мохаммади Франс-Пресс ақпарат агенттігіне берген сұхбатында айтты. Ұлыбритания, Франция және Германия елдері Иранға экономикалық жеңілдіктер береміз деп уәде еткен соң, Иран қараша айында өзінің уранды байыту ісін уақытша тоқтатқан болатын. Америка Құрама Штаттары Иран жысырын түрде ядролық қару жасамақшы деп айыптап келеді, бірақ Иран мұны жоққа шығарған.
XS
SM
MD
LG