Оңалсын Жұмабековтың айтуынша, 2002 жылы сенат депутаттығына өткен сайлауға қарағанда биылғы жылы сайлауда бәсекелестік артып отыр. 2002 жылы 60 кандидат ұсынылып, сайлау комиссиялары олардың 33-ін тіркеген. Билығы сенат депутаттығы сайлауына он алты орынға үміт еткендердің 13-ы қайтадан сайлауға түсіп отырған қазіргі парламент сенатының депутаттары екен. Алайда, олардың 11-і ғана тіркеліпті. Парламент сенаты депутатығына кандидаттыққа өзін-өзі ұсынған, алайда, тіркеуден өтпеген өкілеттік мерзімі қарашаның 30-ында аяқталады деп отырған парламент сенатының депутаты, «Әділетті Қазақстан» қозғалысының мүшесі Зәуреш Батталова тіркеуден өтпейтінімізді оппозициялық күштер білдік дейді. Ал, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Оңалсын Жұмабеков орталық сайлау комиссиясына ешқандай арыз-шағымның түспегенін айтады.
Опозиция өкілдерінің тіркелмеуін, Жұмабеков мырза «оппозиция өкілдері басқа саяси партия өкілдермен тең деңгейде өз кандидатураларын ұсынуға және сайлаушылармен жұмыс істеуге мүмкіндігі болды. Ондай жұмысты барлық кандидат жүргізді. Заң қойған талаптарды орындай білгендері тіркелді. Ал, оны істей алмағандар тіркелмеді. Яғни, бұл сенат депутаттығына үміткерлер жұмыс істеген сайлаушылардың еркі» деп түсіндіреді. Алайда, қазіргі сенат депутаты, «Әділетті Қазақстан» қозғалысының мүшесі Зәуреш Батталова бұны биліктің саяси бәсекелестікке дайын еместігін көрсетеді деп есептейді. Ал, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Оңалсын Жұмабеков Сенат депутаттығына сайлауға дайындық Қазақстан заңдарына сәйкес жүргізілуде деп мәлімдейді. Ал, қазіргі уақытта сенат депутаттығындағы өкілеттік мерзімі аяқталғалы отырған, бүгінде Солтүстік Қазақстан облысынан Сенат депутаттығына сайлауға кандидат ретінде тіркелген Тасбай Симамбаев өзі сайлауға түсіп жатқан өңірде заң мүлтіксіз орындалып жатыр дейді.
Саясаттанушы Бөріхан Нұрмұхамедов болса сенат депутаттығына сайлауға жалпы сайлаушылардың барлығы қатыспайды. Оған тек мәслихат депутаттары қатысатын болғандықтан және олардың көбі биліктің айтуымен жүретін болған соң оппозициядан шыққан үміткерлерге ешқандай мүмкіндік жоқ деген пікір айтады.
Дегенмен, Оңалсын Жұмабеков мырза, Орталық сайлау комиссиясы барлығына бірдей қарайды. Біз бейтарап органбыз. Сондықтан да біз оппозиция немесе билік өкілі, басқа да санаттарға ешкімді бөлмейміз деп отыр.
Ал, кандидаттар болса 17 тамызда сағат 24-ке дейін жүргізілетін сайлау алдындағы үгітке кірісіп кетті.