Accessibility links

Бүкіл әлемдегі мұсылман елдерінің жетекшілері Рияд қаласына Сауд Арабия падишасы Фахдтың жаназасына келді


Жерлеу рәсіміне алғаш болып келгендер арасында Ауғанстан президенті Қарзай, Пәкістан президенті Мушарраф, Сирия елбасы ал-Асад бар. Падиша Фахд Сауд Араб елін 23 жыл басқарып, дүйсенбі күні дүниеден өтті. Оның орнына таққа інісі Абдұлла отырды. Фахд патша жүрек дертіне шалдыққан 1995-жылдан бастап елді негізінен Абдұлла басқарып келген болатын. Фахд Рияд қаласындағы қарапайым белгісіздеу бір зиратта жерленбек. Өзге мұсылман елдерінен өзгешелігі - патшалық аза мерзімін жарияламақ емес. Тағы да бір ерекшелік, мұсылман елдерден өзге батыстан келген басшылар, ресмилер жерлеу рәсімі өткеннен кейін көңіл айтады. Тіпті, кей басшылар сәрсенбі күні жаңа падиша таққа отырғанда келмек.
XS
SM
MD
LG