ТЕҺРАН. БҰҰ-ның ядролық мәселелер бойынша агенттігі Ираннан уранды байыту ісін бастамас бұрын бір апта күтсін дейді, бірақ ресми Теһран бұл талаппен келіспей отыр. Иран бұл бағдарламасын бүгін бастамақшы. Бұдан бұрын хабарланғанындай, Теһран мәселе шешімі жөнінде Еуропа Одағы 1 тамызға дейін дипломатиялық ұсыныстарды жасамағандықтан уран байыту қызметімізді жандандырамыз деп мәлімдеген-ді. АҚШ әкімшілігі Иран ядролық қызметін жандардырмасын, әйтпесе АҚШ және оның еуропалық одақтастары БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесін шара қолдануға шақыруы мүмкін деп ескерткен.