ТЕҺРАН. Бүгін Махмұд Ахмадинежад Иранның президенті ретінде ресми түрде қызметіне кірісті. Президент Ахмединежад жаңа үкіметті “таза Ислам мәдениетін” ұстанған адамдардан құрамын деп мәлімдеді. “Мен еліміздің тәуелсіздігін, ұлттық мүддемізді, Исламның мәдениеті мен ережелерін қорғау үшін халыққа қызмет етемін. Менің міндетім Иран азаматтарының құқықтарын қорғау болып табылады,”- деді Иранның жаңа президенті.
Керітартпа бағыттағы Ахмадинежад мырза маусым айында өткен президент сайлауында жеңіске жеткен болатын.
Керітартпа бағыттағы Ахмадинежад мырза маусым айында өткен президент сайлауында жеңіске жеткен болатын.