Accessibility links

Қырғызстанның Барсқун аймағының 1998-жылғы апаттан зардап шеккен тұрғындары наразылық шеруіне шығып, өтемақыларын төлеуді талап етті.


Қырғызстанның солтүстігінде бірнеше жүздеген адам наразылық шеруіне шығып, өткен жылдардан бергі өтемақыларын төлеуді талап етті. Ыстықкөл жағалауының оңтүстігіндегі Барсқун аймағының тұрғындары Қырғызстанның ең үлкен кәсіпорны Қумтор алтын кен орнына апаратын жолды жауып тастады. Бірнеше жыл бұрын ционид қышқылын тасып бара жатқан осы алтын кен орнының көлігі апатқа ұшырағанда, олар өзенге құйылған ционидтен уланған болатын, енді өздеріне тиесілі өтемақыны талап етуде. Сөйтіп, олардың бұл ереуілі ескі жараның бетін ашып отыр, егер шерушілер осыдан дегеніне жетіп жатса, онда олар Орта Азияның ластанған аймағында экологиялық зардап шеккендерді рухтандырып жіберуі мүмкін дейді талдаушылар.

Өткен аптадан бері Қырғызстанның солтүстігіндегі Қумтор алтын кен орнына апаратын жолды 300-дей адам жауып тастаған. Олардың қойып отырған талабы - 1998 жылы тау кен өндірісі компаниясының жауапсыздығынан зардап шеккендерге өтемақы төлеу. “Қарек” үкіметтік емес ұйымының жетекшісі Еркінгүл Иманқожоеваның айтуынша, енді ауыл тұрғындары өз мәселелерін шешу үшін 4000 метрдей теңіз деңгейінен жоғары таудың маңындағы қазба аймағын басып алмақшы.

1998 жылдың 20-сыншы мамырында Қумтор кен орнының көлігі таудың иір-иір жолымен қазба мекеніне бара жатқанда аударылып, ондағы ционид қышқылы Ыстық көлге құйылатын әрі бірнеше ауылды басып өтетін кіші Барсқун өзеніне төгілген болатын. Ол көліктегі 1 тоннадай ционид қышқылы кен орнына алтынды тазалау үшін апарыла жатқан.

Барсқун өзенін жағалай орналасқан елді мекен тұрғындарына апат болған соң бір сағаттан кейін ғана хабарланған. Ол апаттан уланған адамдардың көбісі бүгінде көз жұмды, жүздеген адам ауруға ұшырады. Аяғы ауыр әйелдердің көбісіне түсік жасатқан. Соңында, Қырғызстан үкіметі бұл жерден халықты уақытша көшіруге мәжбүр болған. Дегенмен, бұл Барсқун аймағындағы жұрттың көрген проблемаларының басы ғана болды. Бұл аймақ апатқа дейін өзінің алмасымен танымал еді, одан кейін олар алма шаруашылығынан да мақрұм қалды. Алма сатып тіршілік жасаған бұл жақтың сатушыларының алмасын уланып қалудан қорқып ешкім алмайтын болды. Үкімет пен біріккен кен орнындағы Канадалық Камеко компаниясы бұл жердің адамдарына өтемақы төлеуге уәде берген. Ол процесс 1998 жылдың тамызында басталып, оқу жылы басталар алдында балаларға біраз тәтті мен кітапша, қарандаштар берумен шектелген. Жұпар Жекшеев сол кезде осы аймақтың парламенттегі өкілі болған. Оның айтуынша, үкімет Барскун аймағындағы жұртқа берген уәдесін орындаған жоқ.

Сондай-ақ, Барскун аймағына салынады делінген емханада тұрғызылмаған. Жекшеев сол кезде уланып ауруға душар болған адамдар жайлы медициналық есептердің, үкімет пен канадалық компанияны жауапкершіліктен құтқару үшін өзгертілгенін де сынға алды.

Ал, Канадалық Камеко компаниясы Барсқун аймағының тұрғындарына тиесілі өтемақылар үшін қаражатты үкіметке төлегенін айтқан. Алайда, қазіргі президент Бакиевтің қарамағындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияның басшысы Туршынбек Ақын, көп ақшаның жоғалып кеткенін және оған жауапкершілікті қазіргі үкімет алмайтынын алға тартады. Тұршынбек Акынның сөзіне қарағанда, Барсқун аймағындағы жағдайды реттеу үшін арнайы комиссия құрылып жатыр. Бірақ, ол жердің адамдар үшін өтемақы мәселесінің шешіле қоюы екіталай. Егер Қырғызстан үкіметі Ыстық көлдің оңтүстігіндегі халыққа өтемақы төлейтін болса, басқа аймақтағы экологиялық зардап шеккен жұрт та көтеріліп, өтемақы талап етпек. Сөйтіп, Қырғызстанның әр аймағындағы экологиялық зардаптарды көргендер мен қатар, Орта Азияның ластанған аймақта тұрып жатқан жұрты да көтеріліп кетуі мүмкін дейді «Азаттыққа» сұхбат берген талдаушылар.

AzattyqTV

Жаһан жаңалықтары

Жээнбеков кім?

XS
SM
MD
LG