Тамыздың 4-күні Жезқазған қаласынан 40 шақырым қашықтықта орын тепкен арнайы мамандандырылған жарылғыш заттарды дайындайтын бекетте орын алған жарылыста 4 адам қаза тауып, 6 адам жарақат алып, олардың екеуі ауыр күйде ауруханаға жеткізілген еді. Осыған орай біз ең алдымен Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметіне хабарласқанымызда , аталмыш бөлімнің қызметкері Майра Бейсеуова “Азаттық” радиосына оқиға орын алған жерде арнайы комиссияның жұмыс жасап жатқандығын айтып берді.
Жезқазаған қаласындағы төтенше жағдайлар басқармасы бастығы орынбасарының міндетін атқарушы Бейбіт Еңсебаев тамыздың 5-күні “Азаттық” радиосына, бейсенбіде болған жарылыста ауыр жарақат алған екі адамның біреуі жұма күні көз жұмғанын хабарлады. Ол бұл жарылыстың не себептен болғаны әлі анықталмағандығын айтып берді.
Ал, жұма күні Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы “Тау-Ойл” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аймағында тағы бір жарылыстың орын алғандығы туралы ақпарат тарады. Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз бөлімінің қызметкері Майра Бейсеуованың «Азаттық» радиосына айтуынша, бұл жарылыс кезінде екі адам қаза тапқан.
Ал, Қарағанды облысы төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің қызметкері Наталья Таргуленко Теміртауда қаза тапқан екі адамның біреуінің «Зил-131» автокөлігінің жүргізушісі екенін, ал екіншісінің кім екенді анықталып жатқандығынан хабардар етті.
«Жарылыс газ шаруашылығында техникалық қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы салдарынан орын алған. Жарылыс орын алған жердегілер газды балондарды заңсыз жолмен толтыру кәсібімен айналысқан», – деді Н.Таргуленко.
Ал, осы оқиға болған жерге барған Қарағандыдағы «31 телеарнаның» журналисті Анжелла Лаукович Теміртау қаласындағы ресми тұлғалардың баспасөз өкілдеріне бұл төтенше жағдай туралы ешқандай да ақпарат бермей отырғандығын айтты.
«31 телеарнаның журналистері Теміртауға барғанымен, ол жердегі ресми тұлғалар ешқандай ақпарат бермей қойды. Әзірше біз оқиға орын алған жерде Теміртау және Қарағанды құтқарушылары мен өрт сөндірушілерінің жұмыс жасап жатқанын білеміз. Толығымен қираған бұл ғимарат, бұрын көлік жуатын орын болған. Ол жерде техникалық қауіпсіздік ережелері сақталмағандықтан, алдағы уақытта да жарылыс орын алуы ықтимал», - деді, Қарағандыдағы «31 телеарнаның» журналисті Анжелла Лаукович.
Ал, Қарағанды қаласының тұрғыны Мейрамхан Жәпектің айтуынша, соңғы екі күнде облыста орын алған оқиғалардың қарапайым адамдардың да алаңдаушылығын туғызған. Қазақстандағы ресми ақпарат бұлақтары, соңғы екі күнде Қарағанды облысында орын алған жарылыстарға байланысты қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүріп жатқанын хабарлап отыр.