Accessibility links

“Дискавери” ғарыш кемесі сейсенбіде жерге оралмақшы


ХЬЮСТОН. Флоридада ауа-райының бұзылуына байланысты АҚШ-тың «Дискавери» ғарыш кемесінің жерге оралуы 24-сағатқа кейінге қалдырылды. Аталған кеме бүгін оралады деп жоспарланған болатын. НАСА агенттігінің өкілі Кен Хэм кеменің ішіндегі ғарышкерлерге былай деді:

«Қазір ауа-райы нашар болғандықтан, кеменің жерге оралу уақытын 24-сағатқа кейінге қалдырамыз».

Сонымен, «Дискавери» Флоридадағы ғарыш айлағына Астана уақытымен ертең түскі сағат үш мөлшерінде қонады деп жоспарланған. Бұл АҚШ ғарыш кемесінің 2003-жылғы «Колумбия» апатынан кейінгі алғашқы рет қонуы болмақ. Ол жолы апатта 7 астронавт қаза тапқан болатын.
XS
SM
MD
LG