Бір баррель мұнайдың құны дүйсенбі күні 64 доллар 27 центке жетті. Жыл басынан бері баға өсуі 48 процент құрады. Таяу Шығыстағы тұрақсыздыққа алаңдау қымбаттаудың негізгі себебі болып отыр. Террорлық шабуылдар қаупінен АҚШ пен Британия Сауыд Арабиясындағы дипломатиялық өкілдіктерін жауып тастады, Қызыл теңіздегі кемелерде сақтық шаралары күшейтілді. Иранның ядролық бағдарламасынан туындап отырған текетірес тағы бар.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Өлімнен құтқарар эликсир
Путин мәңгі өмір сүргісі келе ме? Ресей қартаюмен күресетін ұлттық жоба бастады
-
Қарағанды облысы
Тән жарасы мен жан азабы. Зауытта зардап шеккен жұмысшының күресі