БАҒДАД. Бүгін Бағдадта АҚШ пен Ирақ күштерінің қауіпсіздік патруліне бомба орнатылған автокөлікпен шабуыл ұйымдастырылып, кем дегенде 6 адам қаза тапты, кемінде тағы 7 кісі жараланды. Негізінен Ирақ полицейлері қаза болды, АҚШ әскері жағынан адам шығыны бар ма, жоқ па, ол әзірше белгісіз. Кеше түнде көтерілісшілер Байджи қаласында да әскери патрульге тасадан шабуыл жасап, 4 АҚШ жауынгері оққа ұшты, 6-ы жарақат алды. Ирақта жаңа конституцияның жобасын жазу жұмысы әрі қарай жалғасуда – жоба 15-інші тамызға қарай дайын болуға тиіс. Конституциялық комитеттің бірнеше мүшесі соңғы күндері Бағдадта соғып тұрған құмды дауылдың салдарынан осы жұмысқа қатыса алмады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Билік пен халық
"Жалпыұлттық диалог" па, "автократтың сценариі" ме?
-
Азаттық толқынында
Баспанасыздарға байқалмаған "Тұрғын үй – 91"