Accessibility links

Солтүстік Кореяның дипломаттары Пхеньянның ядролық бағдарламасы бойынша ортақ пікірге келу үшін сапарға аттанады


СЕУЛ. Оңтүстік Кореяның сыртқы істер министрі Бэн Ки-Мун (Ban Ki-Moon) Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасын ауыздықтау мәселесінде ортақ тіл табу үшін бірқатар елге сапарға шықпақшы. Ол Қытайдың сыртқы істер министрімен келіссөз өткізу үшін ертең Бежинге ұшады. Онан соң Бэн Ки-Мун Вашингтонға аттануға тиіс. Онымен қарама-қатар Оңтүстік Кореяның өзге ресми өкілдері дәл осындай мақсатпен Ресейге және Жапонияға сапарға барады. Пхеньянның ядролық бағдарламасын табанды түрде қорғауына байланысты 6 жақты келіссөздің Бежинде өткен соңғы сатысы нәтижесіз аяқталды.
XS
SM
MD
LG