Accessibility links

Лондондағы шабуылдарға байланысты тағы бір кісі сотқа тартылуда


ЛОНДОН. Ағылшын полициясы шілденің 21-і күні Лондонда жүзеге аспай қалған жарылыстарға байланысты бір кісіні сотқа шақырды. 28-жастағы Абдул Шариф бүгін Лондондағы сотқа келіп, ол шабуылдарға байланысты сауалдарға жауап беруге тиіс. Шариф Римде ұсталған Осман Хуссейн жөнінде полицияға мәлімет бермеген деп айыпталып отыр. Полицияның айтуынша, Хуссейн шілденің 21-і күні Лондонның бір метро бекетінде бомбаны тастап кеткен, бірақ ол жарылып үлгермеген. Естеріңізге сала кетсек, ол шабуылдардан дәл екі апта бұрын Лондонда 4 жарылыс болып, 52 адам қаза тапқан болатын.
XS
SM
MD
LG