Accessibility links

Ирақтың жаңа Ата заңының жобасы дүйсенбіде парламенттің талқылауына түсуге тиіс


БАҒДАД. Бүгін Ирақ басшылары жаңа конституцияның жобасы бойынша өзара уәжге келу үшін тағы да бос қосады. Ата заң жобасын әзірлейтін арнайы комитет жобаны парламенттің талқылауына беру үшін дүйсенбіге дейін дайындап үлгеруге тиіс. Кеше Ирақтың сүнниттері мен шийт мұсылмандарының және күрдтердің лидерлері өзара келіссөз өткізді. Кейінірек үкімет өкілі конституция жобасындағы исламның рөлі мен аймақтық билік мәселелері бойынша ортақ пікірге келе алмағанын хабарлады. Конституциялық комитеттің сүннит мүшесі атап көрсеткендей, АҚШ тарапынан қысым көрген комитеттің жобаны дүйсенбіге дейін дайындап үлгеруі екіталай.
XS
SM
MD
LG