БАҒДАД. Ирақта бірнеше бақталас топ жаңа Конституцияның жобасы бойынша уәжге келуге жақын. Президент Жалал Талабанидің мәлімдеуінше, қарама-қайшылықтардың көбі шешімін тапты. Оның айтуынша, бүгін ұлттық және діни қауымдастықтардың тағы бір келіссөзі өтуге тиіс. Ең басты тақырып – Ирақтың болашақ федеративтік құрылымы мен исламның қоғамдағы рөлі болмақ. Интернетте Ирақтағы экстремистердің жаңа Ата заңды қолдаған сүннит жетекшілерінің өміріне қатер төндірген мәлімдемесі шықты. Кеше Бағдадтың Садр-сити ауданында бомбаның жарылысынан 5 Ирақ жауынгері жараланды.
Ирақтағы қарама-қайшы топтар елдің болашақ федеративтік құрылымы мен ислам қоғамдағы рөлін талқылайды
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"1937 жылдағыдай"
Құқық қорғаушы бейүкіметтік ұйымдарға қысым күшейді
-
"Алексейге бостандық"
Владивостоктан Мәскеуге дейін. Ресейде Навальныйды босатуды талап еткен митингілер өтті
AzattyqTV