Accessibility links

Ирақ басшылары Ата заң жобасын талқылау үшін бүгін қайта бас қосуда


Жобаның Парламентке тапсырылатын ең соңғы межелі уақыты - дүйсенбі жақындап та қалды. Осыған орай бүгін таңертең елбасы Жалал Талабани, күрд басшысы Масуд Барзани және бұрынғы үкімет басшысы Лиад Аллауи мен Парламент төрағасы Хажим әл-Хассани арасында кездесу болған-ды. Негізгі пікір әртектіліктері елдегі Исламның рөлі және аймақтық автономиялар қандай дәрежеде беріледі деген сауалдар төңірегінде сақталып отыр. Федералдық идеяға бетбұрыс Ирақтың бөлшектенуіне алып келуі мүмкін, деп көптеген Сүнні басшылары қауіп айтуда.
XS
SM
MD
LG