БАҒДАД. Бүгін – Ирақтың жаңа Конституциясы жобасын дайындап парламентке жолдайтын соңғы күн. Бүгін Ирақ парламенті, Астана уақыты бойынша сағат кешкі сағат 8-де, өзінің арнайы отырысына жиналуға тиіс. Алайда жоба бойынша бірқатар мәселе әлі шешілген жоқ. Күрдтер мен шийттер Ирақтың федерация болуын талап етсе, сүннитер федерациялық құрылым Ирақты жік-жікке бөледі деп сескенеді. Сондай-ақ, Конституциядағы исламның рөлі де қызу пікірталас туғызып отыр. 275 депутаттың 221-ін шийттер мен күрдтер құрайтын Ирақ парламенті Конституция жобасын басым дауыспен мақұлдай алады. Одан кейін Ата заң жобасы 15 қазанда ұлттық референдумға қойылады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Алаштың" алғашқы қадамы. Қамаудан шыққандар қайта қамалды