Accessibility links

Иранның жаңа үкіметі өңшең кертартпа министрлерден жасақталды


ТЕҺРАН: Иран президентінің кеше ұсынған үкіметі құрамындағы министрлердің бірі демократиялық реформаларды қолдамайды. Сыртқы істер министріне ұсынылған саясаткер - өзінің ядролық бағдарламасы бойынша Иран ешқандай шегініске баруға тиіс емес деп мәлімдеп, кезінде Теһранның Еуроодақпен арадағы келіссөзіне қарсы шықты. Егер парламент осы үкіметті мақұлдайтын болса, Иранды ядролық бағдарламасын жабуға үгіттеген Еуроодақ елдерімен арадағы келіссөзінде ресми Теһран алған бетінен қайтпайтын тәрізді. Кеше жүздеген Иран студенті Теһраннан ядролық ізденістерінен бас тартуын талап еткен Еуроодаққа наразылық білдіріп, ағылшын елшілігінің алдында наразылық шеруін өткізді. Олар елшілікті таспен, жұмыртқамен атқылады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG