Accessibility links

Бүгіннен бастап еврей азаматтарының Газа аймағына аяқ басуы заңсыз болады


ТАЯУ ШЫҒЫС. Бүгінгі тарихи оқиға - Израиль Газа аймағынан еврей қоныстарын көшіре бастайды. Түнде Израиль Газамен арадағы Киссуфим шекара бекетінен өту тәртібін жеңілдетті. Осы күннен бастап Израиль азаматтарының Газада болуы заңсыз болып табылады. Бүгін Израиль армиясы Газадағы 21 еврей қонысының көпшілігінен өз ықтиярымен көшпеген тұрғындарды күштеп қоныс аудартуға кіріседі. Еврей қоныстарындағы 8 мың тұрғынның 60 пайызға жуығы көшуге үкіметтен өтемақы сұраса, қалғандары көшуден бас тартып, үйлеріне бекініп отыр. Палестиндік экстремистердің тосын шабуылдарына жол бермеу үшін Газаны Палестинаның қауіпсіздік күштері де қоршап тұр.
XS
SM
MD
LG