Өкімет басшысы әл-Жафари, елбасы Талабани және шиилер мен күрд басшылары бүгін кездесті. Сондай-ақ елдегі басқа да саяси партия басшыларымен бүгін кездесу жоспарланған. Парламент болса аталған жобаны талқылау үшін бүгін түстен кейінге отырысын белгілеген болатын. Алайда ол жоба айтылған уақытқа әзір болмаса, онда Парламент жобаны жасауға тағы екі-үш апталық уақыт бермекші. Парламент мақұлдаған жағдайда ол Ата заң жобасы қазан айындағы референдумда дауысқа салынатын болады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Шәкерім, тарих және Жаңаөзен. Мұхтар Мағауин мұрасына тарихшы көзқарасы