Accessibility links

К.Райс: “Жаңа конституция - Ирақтың жаңа тарихындағы ең маңызды құжат”


БАҒДАД. Ирақ парламенті елдің жаңа конституциясының жобасын талқылауды бір аптаға – келесі дүйсенбіге қалдыруға келісімін берді. Оған басты себеп: ата заң жобасын дайындаған комитет мүшелері Ирақтың болашақ федеративтік құрылымы, исламның рөлі және мұнай байлығын бөлісу мәселелері бойынша өзара ортақ пікірге келе алмады. Ирақ лидерлерінің осы проблемалар бойынша өзара талас-тартысын кеше АҚШ президенті Дж.Буш “нағыз ерлік” деп бағалады. Ал АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс: “Ирақтың демократия жолына түскеніне біз куәміз. Жаңа конституция Ирақтың жаңа тарихындағы ең маңызды құжат болмақшы. Олардың бұл істі аяқтап, жыл соңына дейін тұрақты билікті сайлауға қол жеткізе алатынана біз сенеміз”, -деп атап көрсетті.
XS
SM
MD
LG