Accessibility links

Күш қолданулар елдегі сайлауларға кедергі бола алмайды, дейді Ауғанстан басшылары


Ауған Сыртқы істер министрі Абдулла Абдулла ресми сапармен Австралия астанасы Канберра қаласына келген болатын. Оның барысында қос жақтың және Құрама Штаттарының дипломаттары соңғы кезде Талибан қозғалысы шабуылдарының үдей түскендігіне байланысты алаңдаушылық білдірген еді. Дей тұрғанмен министр Абдулланың айтуынша, бұл жағдай қыркүйектің 18-іне белгіленген Парламенттік сайлауларына кедергі келтіре алмаса керек. Себебі, елдің көпшілік бөлігінде осы науқанды өткізуде жақсы жағдай қалыптасқан. Сондай-ақ сайлаулар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмек ретінде Австралия 150-дей таңдаулы әскерилерді жібермекші.
XS
SM
MD
LG