КЕЛЬН. Кеше Рим Папасы 16-ншы Бенедикт Германияның Кельн қаласындағы сая-бақта католик жастарының дүниежүзілік фестиваліне жиналған 1 млн.-ға жуық жастың алдында дұға оқыды. Дұғасында ол иудей мен мұсылман діндерінің арасына диалог орнатпақ болған марқұм Йоанн ІІ-Павелдің бастамасын жалғастыратынын мәлімдеді. Кельнде мұсылман жетекшілерімен жүздесуі барысында Рим Папасы оларды “діни фанатизмге” қарсы тұруға шақырды. Жастардың көбі орын алу үшін сая-бақта түнеп шықты. Дұғасының соңында Рим Папасы католик жастарының келесі әлемдік фестивалі 3 жылдан кейін Аустралияның Сидней қаласында өтетінін хабарлады. Осымен 16-ншы Бенедикт шетелге бірінші сапарын аяқтады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Мәдениет алаңы
Ойлануға шақыратын қазақша үш фильм
-
Мемлекет және медиа
Соғыс мемлекеттік БАҚ үшін неліктен жабық тақырыпқа айналды?