Accessibility links

Абұ Мұсаб Әл Зарқауидың тобы Ақаба шабуылын мойнына алды


"Әл Қаида" ұйымының Ирақтағы бөлімшесі өткен аптада Иорданияның Ақаба портында америкалық әскери кемелерге жасалған сәтсіз шабуылдарды мойнымызға аламыз деп мәлімдеді. Иордания тумасы Абұ Мұсаб Әл Зарқауи басқаратын топ жұма күні екі кемеге зымыран атқан жауынгерлеріміз аман-есен оралды деп айтты. Зымыран шабуылынан иорданиялық сарбаз қаза тапқан болатын. Бұл шабуылды мұның алдына басқа "әл қаидалық" топ өз пайдасына атаған еді. Иордания шабуылға байланысты кеше Сирия азаматын ұстады, іс бойынша оның алдында үш азамат қамалған.
XS
SM
MD
LG