Accessibility links

Газа мен Мысыр арасындағы шекара – Мысыр-Палестина шекарасына айналады


ТЕЛЬ-АВИВ. Бүгін Израильдің қорғаныс министрі Ш.Мофаз Газа аймағы - Мысыр шекарасын Израиль армиясының құзырынан 750 араб шекара сақшысының бақылауына беру туралы Тель-Авив пен Қайырдың өзара келісімге келгенін растады. Оның басты мақсаты – Газаға бағытталған қару-жарақ контрабандасына екі жақтан да тосқауыл қою болып отыр. Осы келісім жөнінде бүгін Израильдің вице-премьері Шимон Перес: “Бұл өте маңызды келісім деп ойлаймын. Өйткені, Газа аймағы мен Мырыс шекарасындағы ені 14 шақырымды құрайтын “дәліз” ендігі жерде Палестина мен Мысырдың шекарасына айналатын болады”, - деп атап көрсетті. Газа мен Иордан өзенінің Батыс жағалауынан Израиль барлық 25 еврей қонысын көшіріп алды. Израиль армиясы Газадан мерзімінен бұрын қыркүйектің соңында шығарылуға тиіс.
XS
SM
MD
LG