“Ана тілі” апталығының бейсенбі күнгі санында жарық көрген Қарағанды облыстық сотының судьясы Марат Азбанбаевтың мақаласында Конституцияда көрсетілген мемлекеттік органдарда орыс тілінің ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылуы туралы құқықтық норманың, Конституцияның 7 бабының 1 және 2 тармақтарына қайшы келетіндігі айтылыпты. Газет тілшісінің сараптамасына сүйенсек, Конституцияның 7 бабының 2 тармағында орыс тіліне ресми түрде тек мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында ғана қазақ тілімен тең қолданылуға мүмкіндік берілген. Мақала авторының айтуынша, осы уақытқа шейін Конституцияның 7 бабындағы нормалардың өз мәнінде орындалмауының басты құқықтық кедергі негізгі заңда көзделген арнаулы заңның қабылданбауында болып отыр. Автор өз мақаласында ойы нақты, дәлелді болуы үшін Конституцияның 93 бабын толық келтіріпті.
“Свобода слова” басылымында жарық көрген Гүлжан Ерғалиеваның талдау мақаласында 30 тамызда Қазақстан Республикасының жаңадан қабылданған Конституциясына он жыл толатындығы айтылыпты. Мақала авторының айтуынша, алғашқы Конституцияда парламентке берілген құқық көп болғандықтан Нұрсұлтан Назарбаев одан тезірек құтылуға асықты. Оның себебін мақала авторы бұрынғы Констиуция бойынша Нұрсұлтан Назарбаевқа төрт жылдан екі мерзімге сайлану құқының берілгендімен түсіндіріпті. Сондай-ақ автор өз мақаласында 1995 жылғы қабылданған жаңа Конституция бойынша Мемлекет басшысының шексіз билекке ие болғандығын және соңғы он жылдың ішінде Нұрсұлтан Назарбаевтың ыңғайына қарай оған түрлі өзгертулердің енгізілгендігін де сөз қылыпты. Сонымен қатар “Свобода слова” басылымында оппозиция ұсынып отырған жаңа Конституция жобасына байланысты пікірталас ұйымдастырылыпты. Осы пікірталасқа қатысқан журналист Сергей Дувановтың айтуынша, осыдан он жыл бұрынғы қабылданған Конституция бір адамның ыңғайына лайықталып жазылғандықтан, оны өзгертудің жолдарын қарастыру өмір сұранысынан туып отырған қажеттілік. Саясаттанушы Нұрболат Масанов болса, оппозиция ұсынып отырған Конституция жобасында көптеген кемшіліктердің бар екендігі туралы ойын білдіріпті. Оның айтуынша аталмыш жобада билікті бөлу механизмі қарастырылмаған. Алайда, саясаттанушы Петр Своик мұндай пікірмен келіспейді екен. Своиктің пікірінше, оппозиция ұсынып отырған жаңа Конституция жобасында билікті бөлудің нақты жолдары айқын көрсетілген.
“Экспресс К” басылымында жарық көрген Тимур Неталиевтің мақаласында Қазақстан Конституциясының потенциалы мен мүмкіндігінің мол екендігі туралы қорытынды жасалыныпты. Өз сөздеріне дәлел ретінде мақала авторы Конституциялық кеңестің “Мемлекеттік емес ұйымдардың жұмысына шектеу туралы” заңды қабылдамай тастағандығын мысалға келтіріпті. Ал, осыдан он жыл бұрынғы Конституцияны жасаушылардың бірі академик Сұлтан Сартаев газет тілшісіне берген сұхбатында, оны әлемдегі ең демократиялық Конституциялардың бірі деп санайтындығын білдіріпті. “Әділетті Қазақстан” қозғалысының бас хатшысы Төлеген Жүкеев “Время” газетіне берген сұхбатында оппозиция ұсынып отырған жаңа Конституцияны билікке қарсы жіберілген интелектуалдық күш ретінде бағалапты. Төлеген Жүкеевтің пікірінше, қазіргі Конституция өмір талабына жауап бере алмағандықтан, оған түбегейлі өзгертулер енгізу қажет.
“Жас Алаш” газетінде берген сұхбатында қоғам қайраткері Оразалы Сәбденов те Қазақстанға конституциялық реформалардың керек екендігіне тоқталыпты. Оразалы Сәбденовтың айтуынша, Қазақстан унитарлы мемлекет болғандықтан, Парламент бір палаталы болуға тиіс.