Жұма күні Алматы қаласының жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының ұйымдастыруымен Конституцияның 10 жылдығына орай осы мәселеге қатысты қазақ жастарының арасында пікірсайыс өтті. Пікірсайысқа қатысушылардың бірі Қазақ Ұлттық педагогикалық Университетінің студенті Ержан Жүнісов қолданыстағы Конституцияға өзгеріс енгізбейінше, мемлекеттік тілдің ахуалы түзелмейді деп санайды. Оның айтуынша, ол үшін ең алдымен орыс тіліне берілген ресми мәртебені алып тастау қажет:
“Мен өзге тілге қарсы емеспін. Бірақ, біз мемлекеттік тілді өз дәрежесіне көтеру үшін талпыныс жасауға тиіспіз. Ал, орыс тіліне ресми мәртебе берілуі, оны жүзеге асыру үшін үлкен кедергі келтіріп отыр.”
Ал, пікірсайысқа қатысқан жастардың бірі Алма Нұрекеева барлық кілтипан Конституцияда жатыр деген пікірмен келіспейді. Оның ойынша, мемлекеттік тілдің дамымай қалуы Конституцияның мүмкіндіктерін толық пайдалана алмағандықтан.
“Конституция дегеніміз - әрбір елдің мемлекет екендігін білдіретін ұлттық нышаны. Сондықтан да кез-келген адамның ыңғайына лайықтап оны өзгерте берсе, Конституцияның қадір-қасиеті түседі, екіншіден халық алдындағы оның құрметі де төмендейді. Егер Ата заңымыздың мәртебесінен айырылып қалғымыз келсе, онда оған күнде өзгеріс енгізе берейік. Мұндай жағдайда Ата заң деген Конституциямыздың құдіретінен не қалады?” – дейді Алма.
Мұндай пікірмен келіспейтін жастардың бірі Құрманбек Қазанбасовтың болса, Конституцияның тілге байланысты бабын өзгерту кездейсоқ адамдардың қолымен жасалғысы келіп отырған шара емес екенін айтады.
“Бұл бапты өзгерту тілдің болашағы үшін қабырғасы қайысып жүрген мыңдаған қазақтардың көкейіндегі ой”, – дейді ол.
Ал, бұл мәселеге байланысты өз ойын білдірген жастардың бірі Малика Сыздықованың пікірінше, қазіргі таңда, елде қазақтардың саны 57 проценттен жаңа ғана асып жатқан тұста, Конституцияның құзырымен берілген орыс тілінің ресми атауын алып тастағаннан ахуал өзгермейді. Мәлика Конституцияда берілген қазақ тілінің мәртебесін пайдалана отырып та, көп дүниені жүзеге асыруға болады деп санайды.
Бұл проблема жайылы біз сөзге тартқан Алматы тұрғындары, бұрынғымен салыстырғанда, қазіргі таңда өз ана тілінде сөйлейтін жастардың қатары көбейіп келе жатқандығын, алайда, сонымен бірге, қалалық жастардың орыс тілінде сөйлеуге бейім тұратынын атап берді.