Accessibility links

Өзбекстан сенаты бүгін өзбек жерінен АҚШ күштерін шығару мәселесін дауысқа салды


Парламент сенатының ұйғарымы Өзбек президенті Ислам Кәрімовтың шешіміне қолдау көрсетеді. Ислам Кәрімов шілде айында Вашингтонға арнайы хабар жіберіп, АҚШ жасақтарының Өзбекстанның оңтүстігіндегі Карши-Ханабад базасын босатуына алты ай мерзім беретіндігін мәлімдеген-ді. К2 деген атпен белгілі бұл база АҚШ-тың Ауғанстандағы әскери операцияларында маңызды роль атқарған болатын. Өзбекстанның Әндіжан қаласындағы ереуілдің күшпен басып-жаншылуына тәуелсіз тексеру қажет деген халықаралық талапқа Америка да қосылған соң, Ислам Кәрімов АҚШ күштерін өз елінен шығару талабын алға тартты. Жұма күні кейбір Өзбек сенаторлары АҚШ күштерін елден кетіру жөніндегі шешім Әндіжан оқиғасына байланысты Вашингтон тарапынан айтылған сынға қатысты емес дегенді айтқан. Сенаторлардың енді бірі американ жағынан экологиялық зардап үшін өтемақы төленуін де талап етті.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG