Жиыннан кейінгі баспасөз мәслихаты кезінде Ресей президенті Путин былай деді:
«ТМД құрылғалы бері 15 жыл өтті. Бірақ бұл ұйымның миссиясы, мақсаттары, әріптестерім талай рет шағына айтқанындай, ескірген концепция және көнерген жұмыс тәсілдеріне негізделгендігі айқын болып қалды».
Президент Путинның айтуынша, ТМД-ның ұйым ретінде қала беруіне ешкім қарсы емес екен. Бірақ оның айтуынша, ТМД-ны жаңа жолға қою үшін жетекшілер мен саясаткерлер арасында кең көлемді талқылаулар өткізу қажет болады екен. ТМД елдері жетекшілерінің бұл кезекті алқалы жиыны Қазан қаласының 1000 жылдығына арналған мерекеге орайластырып өтіп отыр. ТМД елдері жетекшілері саммит соңында ізгілік жобалары, заңсыз миграция және әсірешілдікпен күрес бойынша бірнеше ресми құжатқа қол қойды.