Сайлау комиссиясы бейсенбі күні болған дауыс берулер бюллетендерін санап жатқандықтарын айтып, қай кандидаттың жеңіске жеткені турасында алғашқы қорытындылар бүгін кешке қарай немесе жексенбіде шығарылады деген болатын. Президенттік болып саналатын Пәкістан мұсылман лигасы партиясы өз кандидаттары барлық төрт облыста да толық қолдауға ие болды деп есептейтіндіктерін мәлімдеген. Оппозиция тарапындағы Исламдық одақ бұл сайлаулар қолдан жасалды деген айыптар айтты.