Accessibility links

Газа мен Мысыр арасындағы шекара өткелін енді мысырлық шекарашылар күзетеді


ИЕРУСАЛИМ. Бүгін Израиль үкіметі Мысыр мен Газа аймағы арасындағы шекараны өз армиясының күзетінен Мысыр армиясының құзырына беру жоспарын мақұлдады. Ол келісімді үкімет мүшелерінің 18-і қолдап, екеуі қарсы дауыс берді. Газа мен Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы Израиль басып алған Палестина жерлерінен еврей қоныстарын көшіру өткен аптада толық аяқталды. Бұдан былай Мысыр мен Газа арасындағы шекара өткелін 750-дей араб жауынгері күзетіп, олар Газаға қарай бағытталған қару-жарақ контрабандасына тосқауыл қоюға тиіс. Израиль өз күштерінің 38 жыл тұрған шекара аумағынан қыркүйек айының соңында шығарылатынын мәлімдеп отыр.
XS
SM
MD
LG