Accessibility links

250 шақырым жылдамдықпен соққан “Катрина” дауылы АҚШ-тың Луизиана штатына ертең таңертең жетеді


НЬЮ-ОРЛЕАН. АҚШ-тың Луизиана штатындағы Нью-Орлеан қаласына жетіп қалған “Катрина” дауылына ең биік – 5-інші дәреже беріліп отыр. Демек сағатына 250 шақырымдай жылдамдықпен соққан бұл дүлей жел орасан зор апатқа душар етеді деген сөз. Бұған дейін “Катрина” дауылы Флорида штатының оңтүстігін жайпап өтіп, Мексика шығанағының жылы суынан қуат алып, одан бетер бетер күшейді. 1935 жылдан бері қарай 5-інші дәрежедегі осындай дүлей дауыл АҚШ-қа 3-ақ рет соқты. “Катрина” Луизианаға ертең таңертең жетуге тиіс. Қазір штат тұрғындары баспаналарын тастап қауіпсіз жерге қашып жатыр.
XS
SM
MD
LG