Accessibility links

Дүлей дауыл бағытын өзгертпесе, Нью-Орлеан қаласы түгел су астында қалады


НЬЮ-ОРЛЕАН. “Катрина” дауылының Мексика шығанағына жақындауына байланысты АҚШ-тың Нью-Орлеан қаласы мен оның төңірегінен 1.5 млн.-ға жуық халық дереу қауіпсіз жерлерге көшірілді. Көшуге шамасы жетпеген мыңдаған халық алып стадионның ішін паналады. Сағатына 240 шақырым жылдамдықпен соққан дүлей жел шығанаққа осы сағаттарда жетуге тиіс. Қазірдің өзін де электр желілерінің үзіліп, жарықтың өшкені туралы хабар жетіп жатыр. Егер “Катрина” дауылы аяқастынан өз бағытын өзгертпесе, теңіз деңгейінен төмен орналасқан Нью-Орлеанға биіктігі бірнеше метрге жететін теңіз толқындары соғып, қала түгел тасқын судың астында қалуы ықтимал. АҚШ-тың Луизиана және Алабама штаттарында төтенше жағдай жарияланды.
XS
SM
MD
LG