Accessibility links

Қайм қаласында "Әл Қаиданың" бекінісі деген нысаналарға соққы берілді


АҚШ-тың Ирақтағы әскері Қайм қаласында "Әл Қаиданың" жауынгерлері бекінді деген нысаналарға әуеден соққы берді. АҚШ әскерінің өкілі "Әл Қаиданың" бірнеше жауынгерін өлтірдік деді. Ақпарат компаниялары оқиға жерінде кемінде 40 адам қаза тапты деді. Ассошейтед пресс агенттігі шабуыл жерінде сол сияқты екі тайпаның қақтығысы орын алды, мұның салдарынан кемінде 35 адам қаза тапты дейді. Яғни шетел жауынгерлерін қолдайтын тайпа Ирақ үкіметін қолдайтын тайпамен қақтығысқан. Тайпалар қақтығысындағы адам шығынында әуе соққысының адам шығыны қоса есептеліп тұр ма, жоқ па - әзірше анық емес.
XS
SM
MD
LG