Америка Құрама Штаттарының Мексика шығанағы жағалауын "Катрина" деп аталған аса қатты дауыл соққан соң кемінде 80 адам қаза тапты. Адам шығыны Миссисипи штатында орын алды, бұл туралы штат әкімі Халлей Барбур мәлім қылды. Қаза болғандардың отызы Билокси қаласында көпқабатты үйде сынықтардың астында мерт болды. Нью-Орлеан қаласының тарихи орталығы су астында қалады деген қауіп үлкен. Қала әкімі Рей Нэджин қала қирау қалпына түсті деді. Қаланың шамамен 80 пайызы су астында қалды, екі әуежайды да су басып кетті деді, дейді қала әкімі. Бірнеше штатта жалпы шығын 26 миллиард долларды құрауы мүмкін дейді сарапшылар.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
СПИД-пен күрес күні
"ВИЧ адамның мінез-құлқын сипаттамайды". Ауру – үкім емес