Accessibility links

Ливанда экс-премьер-министр Әл-Хариридің өлімін тергеу барысында 4 күдікті тұтқындалды


БЕЙРУТ. Ливанның бұрынғы премьер-министрі әрі соңғы жылдары Сирия әскерін Ливаннан шығаруды талап етіп келген оппозицияның лидері Рафик Әл-Хариридің өлімін тергейтін БҰҰ-ы комиссиясының талабы бойынша, Ливанның қауіпсіздік күштерінің бұрынғы басшылары – полиция мен қауіпсіздік қызметінің және әскери барлаудың бұрынғы жетекшілері тұтқындады. Төртінші күдікті – парламенттің бұрынғы депутаты тергеуге бару үшін Сириядан елге оралды. Ливан президенті күзетінің бұрынғы қолбасшысы тергеуге шақырылып, бірақ БҰҰ-ының комиссиясы оны босатып жіберді. АҚШ-тың БҰҰ-ындағы елшісінің өкілі хабарлағандай, Қауіпсіздік Кеңесінің өтінішіне қарамастан, Сирия тергеу барысына көмек бермей отыр.
XS
SM
MD
LG