Accessibility links

Ирақ премьер-министрі Ибрахим әл-Жаафари осы аптаның басында бір мыңдай адамның өліміне себепкер болған көпір үстіндегі дүрбелеңді шииттер мен сунниттер бір-бірінен көруде дейді


Шииттердің көпшілігі жанкештілер туралы жалған ақпарат таратып, көпір үстінде елдің бір-бірін таптап кетуіне жеткізді деп сунниттерді айыптайды. Алайда Жаафари көпірдегі дүрбелең барысында өз өмірлерін құрбандыққа шалып, шииттерге көмектескен сунниттер турасында бірқатар мысалдар келтіріп, теледидардан сөйлеген сөзінде шииттер мен сунниттердің әрқайсысы жеке қауымдастық түрінде өмір сүруге хұқылы, бірақ та бір-бірін құрметтеп, қадірлеу де керек дегенді атап өтті. Кеше Басра қаласында шииттер келесі айда болатын референдумда Ирақ Конституциясына қолдау танытайық деген шеру өткізді. Шеруді Ирақтағы Ислам революциясы жолындағы жоғарғы кеңес деп аталатын шиит тобы ұйымдастырған.
XS
SM
MD
LG