ҚАЙЫР. Мысырда сайлау алдындағы үгіт-насихат науқаны аяқталды. Кеше Мысырдың әкімшілік соты үкіметтік емес ұйымдарға дауыс беру барысын бақылау құқы берілсін деген өкім шығарды. Балама үміткерлердің дауысқа түсуіне мүмкіндік берілген алғашқы президент сайлауы осы сәрсенбі күні өтуге тиіс. Сенбі күні сот, сондай-ақ, Мысырдың Социалистік партиясынан түсетін үміткерді сайлаудан аластату туралы өкім қабылдады. Бірақ бүгін Мысырдың Орталық сайлау комиссиясы әкімшілік соттың осы 2 шешімін де орындамайтынын мәлімдеді. Егер Социалистік партияның үкіметкері сайлауға жіберілетін болса, онда Мысырдың қазіргі президенті Х.Мүбәрәкқа қарсы 9 үміткер дауысқа түсетін болады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық радиосы – 70 жыл
Ескендір һәм "Ғаскер әні". Хасанғалиев шырқаған "Алаш маршының" ерекшелігі неде?
-
"Өлексесі табылған малға ғана өтемақы төлейміз"
Су тасқынының шығыны қалай есептеліп жатыр?
-
Өскемен мен Семей
Жарыққа миллиардтаған несие жұмсаған қалада көше неге тас қараңғы?