Accessibility links

Ирақтағы көтерілісшілер Бағдад орталығындағы ішкі істер министрлігін атқылады


БАҒДАД. Бүгін көтерілісшілер Бағдадта Ирақ ішкі істер министрлігінің кіре-берісіндегі күзет постын гранататқыштан және тезатардан атқылап, 2 полиция қызметкері оққа ұшты, 5-еуі жарақат алды. Шабуыл жасағандардың өздері бас сауғалап үлгерді. Олардың жағынан адам шығын болды ма, ол белгісіз. Интенет желісінде берілген мәлімдемесінде бұл қастандықты “Әл-Қаида” тобының Иратағы қанаты өз мойнына алып отыр. АҚШ пен Ирақ әскерлері кеше Таль-Афар қаласындағы көтерілісшілерге әуеден соққы беріп, кемінде 13 партизан қаза болды. Ал бүгін жол бойындағы бомбаның жарылысынан 2 британ жауынгері көз жұмды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG