Президенттік сайлау алдында арнайы қоғамдық қозғалыс құратындары мәлімдеп отырған азаматтар алдағы сайлауда өздерін толғандырып отырған сұраққа жауап алғысы келеді. Осы мақсатта олар сайлауды бейтарап түрде бақылап, саяси науқанға өз бағасын беріп, оның қаншалықты әділ өтетініне көз жеткізбек ниеті барын айтады. Жаңадан құрылатын қоғамдық қозғалыс негізінде, осы сайлауға қатысатын күштерге деген сенімсіздік жатыр, дейді олар.
«Бізде сайлау қортындысын әр жақ өз пайдасына қарай бұрғысы келеді деген қауіп бар. Мәселен, биліктегілер, оларға балама жоқ дегенді айтатын болса, оппозиция өкілдері мұны наразылық акциясын ұйымдастыру үшін пайдалануы мүмкін», -дейді Сергей Дуванов.
Мұндай мәселе туындамау үшін журналистің айтуынша, сайлаудың қортындысына тәуелсіз бақылау керек. “Әділ сайлау үшін” атты қозғалыс құрушылар бұл ұйымға ешбір саяси партия өкілі мүше бола алмайтынын жеткізді. Әзірге олар қозғалысты тіркеуден өткізу жолдарын қарастыратынын айтты. Бірақ, сайлауды бақылау үшін бізге тіркелудің де қажеті жоқ деп есептейді олар.
«Мен өз жеке басым мен билік үшін күресіп жүрген азамат емеспін, сол себептен оппозициялық болсын, билікке жақын партия болсын - ешбір партияға да мүше емеспін. Бірақ, республика президенті және парламенттегі екі палата жетекшілерінің бірі біз үстіміздегі жылы өтетін сайлауды әділ өткізуге дайынбыз деген мәлімдемесін ескере отырып, мен мемлекет азаматы ретінде, бұл жолғы сайлау қалай өтетінін бақылағым келеді», - дейді, Адам құқығын қорғау және заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық бюроның Евгений Жовтис.
Сайлауды бейтарап түрде бақылау үшін жаңа қозғалыс мүшелері Қазақстанның ешбір саяси күштерінен ақша алмай, бақылау жұмыстарын шетелдік инвесторлардың қаржысына жүргізетінін айтты.
«Қазақстанда бұл тәжірибеге айналған құбылыс. Сол себепті, біздің ұсыныс бір шектен шыққан нәрсе деп ойламаймын, сол себептен бұл мәселеге билік өз тарапынан қиындық туғызбайды деп ойлаймын»,- дейді саясаттанушы Сәбит Жүсіпов.
“Әділ сайлау үшін” атты қозғалыс мүшелері өздері жасаған зерттеу шынайы жағдайды көрсететініне сенімді. Себебі, бұл қозғалыс саяси көзқарасы бір-біріне қайшы келетін азаматтардың басын біріктіріп отыр дейді олар. Алайда, жаңадан құрылғалы жатқан қозғалыстың өкілдеріне күдікпен қарайтындар да жоқ емес.
«Менің жеке өзімнің көзқарасым - бұл азаматтардың басым көпшілігі радикалды оппозициялық топ мүшелері. Сондықтан, олар өз мүддесі үшін, сайлау әділ өтсе де, ол әділ өтпеді деп айтуы мүмкін. Бірақ, енді оны уақыт көрсетеді», - дейді Қазақстан парламенті Мәжілісінің депутаты, «Отан» партиясының мүшесі Уалихан Қалижан.
Есесіне, Қазақстандық оппозиция белсенділерінің бірі Әміржан Қосанов жаңа қозғалыс шынайы жағдайды көрсетеді деп есептейді.
«Қазір биліктің не айтатыны белгілі болып тұр. Оппозицияның да мына сайлау әділ өтеді, шынайы болады дегенге күмәні бар. Сондықтан, дәл осындай ешбір партияға кірмейтін, ешбір қозғалысқа мүше болмаған азаматтардың, оның ішінде елге белгілі азаматтардың осындай қозғалыс құруын мен жақсы бағалаймын».
Осыдан тура 7 жыл бұрын – 1998 жылы қырқүйектің 5-күні Алматыда 150 адам бас қосып, дәл осындай “Әділ сайлау үшін” атты қозғалыс құруға жиналған болатын. Солардың қатарында бұл жиынға сол кезде президент Назарбаевқа негізгі бәсекелес, Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі, Әкежан Қажыгелдин қатысқан еді. Соңынан Қазақстан соты Әкежан Қажыгелдин әлі тіркеуден өтпеген қозғалыстың жиналысына қатысты деп әкімшілік жауапқа тартып, соттап, соның негізінде оны президенттік сайлаудан шеттеткен болатын. Көп ұзамай шетелге кеткен Ә.Қажыгелдинді 2001 жылы Қазақстанның Жоғарғы соты сырттай соттап, 10 жылға бас еркіндігінен айыру туралы үкім шығарды.
Ал, 2005 жылы “Әділ сайлау үшін” деген атаумен жаңа қозғалыс құрғысы келіп отырған азаматтар, билік тарапынан қысым көрмейтініне сенімді, «себебі біз сайлауға қатысатын тұлғалар емеспіз», дейді олар.