ВЕНА. Венада Чернобыль апаты бойынша БҰҰ-ының 2 күндік конференциясы өтіп жатыр. Ұлттар Ұйымының 8 агенттігі 1986 жылғы Чернобыль апатынан ақыр-аяғында 4 мыңдай адамның құрбан болатыны туралы дәрігерлердің соңғы тұжырымымен таныстырды. Алайда форумда адамдардың психологиясына тиген кесірді есептеудің мүмкін еместігі айтылды. Экологиялық “Гринпис” ұйымының сәуле аурулары бойынша сарапшысы Ян Задепуттенің айтуынша, “Ұлттар Ұйымының есебі сәуле ауруының әсерін кішірейтіп көрсетеді. Ол Чернобыль құрбандарын жете зерттемеу ғана емес, ластанған аймақтағы халықты көшіру секілді қауіпті кеңестер беруге жетелейді. Басқа жерге көшіру – болашақта одан көп адамды құрбан етуі мүмкін”. Беларуссияның “Чернобыль комитетінің” өкілі: “БҰҰ-ының есебі жүрек тамырлары мен сәулемен уладың садарынан шығатын ісік дерттерін ескермейді” деп мәлімдеді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Алаштың" алғашқы қадамы. Қамаудан шыққандар қайта қамалды