Accessibility links

АҚШ-тың дауыл апатына кезікен Нью Орлеан қаласының әкімі Рей Нагин індетті ауру қаупіне байланысты су басқан аймақтан азаматтарды мәжбүрлі түрде көшіруге бұйрық берді


Ластанған су, кісі мәйіттері, химикаттар қалада қалып отырған 10 мыңнан астам тұрғынды үлкен қауіп астында қалдыруы мүмкін, дейді Нагин.

Президент Буштың айтуынша, ол бұл табиғат апаты кезіндегі өкіметтік шараларды тексеріп, тиісті жаза қолданбақ. Бірақ қазіргі негізгі міндет, алдымен дауыл құрбандарына жедел көмек беру болмақ, дейді ол.

«Халық бізден кінәлілерді жазалауды талап етеді. Рас, шешілетін мәселе көп. Бірақ қазіргі негізгі міндет - адамдардың өмірін сақтап қалу», - деді АҚШ президенті.

Дегенмен Катрина апаты кезіндегі сылбыр әрекеті үшін Буш әкімшілігі қазір қатты сынға кезігіп отыр.
XS
SM
MD
LG