Путин мен Шредер Балтық теңізі арқылы өтетін газ құбыры жөнінде келісімге қол қоятын болады, аталған құбыр Ресейдің арзан газын Германия арқылы Батыс Европада сатуға мүмкіндік береді. ИТАР-ТАСС-тың хабарлауынша, Путин сондай-ақ осы айдың аяғында өтетін федералдық сайлауда Шредердің басты бәсекелесі Ангела Меркелмен де кездесетін болады.