АҚШ президенті Джордж Буш Украина президенті Виктор Ющенконы елдегі демократиялық реформаларды жалғастыруға шақырды. Екі жетекші сенбі күні телефон арқылы сұхбаттасты. Бейсенбі күні президент Виктор Ющенко демократиялық революцияны бірге іске асырған одақтасы Юлия Тимошенконы бас министр қызметінен алып тастаған, жоғары басшылардың арасында коррупция үлкен деген әңгіме барысында үкіметті де таратып жіберді. Бас министр қызметін атқарушы Юрий Ехануров жаңа министрлерді саяси партиялардан емес, білікті мамандардың арасынан іріктеймін деді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
СПИД-пен күрес күні
"ВИЧ адамның мінез-құлқын сипаттамайды". Ауру – үкім емес