Accessibility links

Адамның өмірі үшін ең қолайлы елде бүгін кезекті парламент сайлауы өтеді


ОСЛО. БҰҰ бүкіл әлемдегі адамның тіршілік етуі үшін “ең қолайлы ел” деп жариялаған Норвегияда бүгін парламент сайлауы өтеді. Қоғамдық сауалнамаға қарағанда, билік басындағы оңшыл-центристік коалиция мен оппозициядағы солшыл партиялардың одағы парламенттегі 169 депутаттық орынды тең бөлісетін тәрізді. Премьер-министр Киель Магне Бондевик пен ол бастаған 3 партияның коалициясы салықты қысқартып, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жетілдіруге уәде беріп отырса, экс-премьердің Еңбек партиясы бастаған 3 жақты одақ салықты қысқарту байларға ғана пайдалы деп мәлімдеп, елдің мұнай байлығын игеру арқылы жаңа жұмыс орындарын ашып, білім жүйесін жетілдіруге және қарттардың ахуалын жақсартуға сөз беріп отыр.
XS
SM
MD
LG