Accessibility links

Еуроодақта Түркияны мүшелікке қабылдаудың мүмкіндіктері бойынша пікірталас қыза түсуде


Осы сейсенбі күні Еуроодақты кеңейту мәселесі бойынша арнулы өкіл Олли Рен Еуропа парламентінің халықаралық істер комитетінде сөйлеген сөзінде Түркияны Еуроодаққа қабылдау мәселесі бойынша 3-інші қазанға белгіленген келіссөзді бастау үшін өзінің алдына қойылған шарттардың барлығын ресми Анкара орындады деп мәлімдеді. Алайда, деп атап көрсетті Олли Рен, Түркияны Еуроодаққа не қабылдау, не қабылдамау туралы ақырғы шешім қабылдауға тиісті одақ мүшелері “Анкара ең алдымен Еуродақтың мүшесі болып табылатын Грек Кипр республикасын мойындауға тиіс” деген мәселе төңірегінде әлі қызу пікір таластыру үстінде.

Сейсенбі күні Еуропа парламентінің халықаралық істер комитетінде берген есебінде Еуроодақты кеңейту мәселесі бойынша арнаулы өкіл Олли Рен Түркияны одаққа қабылдау мәселесі бойынша Анкарамен арадағы келіссөздің басталуын кідіртуге ешқандай негіз қалған жоқ деп мәлімдеді. Оның атап көрсетуінше, өткен желтоқсан айындағы бас қосуында Еуроодақ лидерлері Түркияның алдына 2 шарт қойған болатын, Анкара оның екеуін де орындап шықты.

“Түркияның 2 шартты орындауға тиіс екені туралы Еуропа Комиссиясының (яғни Еуроодақ басшылаының жоғарғы дейгейдегі бас қосуында) бірауыздан қабылдаған шешімі болды: оның бірі – заңға енгізілген 6 бөлімді өзгерістің күшіне енуі, олардың күшіне енуі заң жүзінде де, саяси тұрғыдан да маңызды болып табылады. Және екіншісі - Еуродақпен кеден одағын құру туралы хаттамаға Анкараның қол қоюы. Осы екі шарттың ішінде Кипрді мойындау талабы болған жоқ. Енді міне осы 2 шарт орындалды”, - деді О.Ренн.

Алайда, О.Реннің мойындауынша, Еуроодаққа мүше елдердің ішінде, оның өз сөзімен айтқанда, қызу пікірталас толастамай тұр. Еуроодақтың сыртқы істер министрлерінің 26-ыншы қыркүйекке жоспарланған кезектен тыс бас қосуында бұл пікірталас одан бетер қыза түсетін тәрізді. Түркиямен арадағы келіссөзді бастамас бұрын Еуроодақ өте маңызды 2 құжат қабылдауға тиіс. Оның бірі – Еуропа Комиссиясына келіссөзді бастауға мүмкіндік беретін “келіссөз жүргізу мандаты” деп аталады. Екіншісі – өткен жылдың шілде айында Түркия қабылдаған мәлімдемеге “қарсылық декларациясы” болуға тиіс. Ол мәлімдемесінде Түркия Еуроодақпен кеден одағын құру туралы “Анкара хаттамасы” деп аталатын құжатқа өзінің қол қоюы Еуроодақтың жаңа 10 мүшесімен бірге гректердің Кипр республикасын да мойындау болып табылмайтынын ерекше атап көрсетеді. “Қарсылық декларациясының” алдыңғы жобасы Түркияны Никосиямен арадағы қарым-қатынасын жақсартуға шақырған болатын. Түркия – түріктердің Кипр республикасын тәуелсіз мемлекет ретінде мойындап отырған жападан-жалғыз ел. Еуроодақтың осы екі құжаты да сыни мағынада болмақшы. Брюссельдегі дипломаттардың айтқан сөзіне қарағанда, өз кезегімен Еуроодаққа төрағалық етіп отырған Ұлы Британия мен Франция Анкарамен арадағы келіссөздің барысында Түркияны Еуроодаққа толық мүшелікке қабылдайтын емес”, “айрықша серіктес” есебінде ғана мойындайтын келісімге келуге жол бермейтін болып өзара уағдаласқан. Сейсенбі күні О.Рен Түркияны Еуроодаққа қабылдағанда, оның ұзаққа созылатын қандай салдары болуы мүмкін деп алаңдаған Еуроодақ мүшелерін жұбатуға тырысып бақты. Оның атап көрсетуінше, Анкарамен арадағы келіссөзде талқыланатын барлық 35 тарауды Еуроодаққа мүше елдердің барлығы бірауыздан мақұлдауға тиіс және ол тараулардың ішінде келіссөз процесіне тосқауыл болатын тұстары жетіп артылады.

“...келіссөзге қатысты барлық құжаттың әрбір тарауын Еуроодаққа мүше елдердің барлығы дерлік мақұлдауға тиіс. Демек ол – тарауларды ашу туралы да 35 шешім және ол тарауларды жабу туралы да 35 шешім қабылданады деген сөз. Яғни 10 немесе 15 жылдан кейін келіссөзді доғару туралы шешімнің қабылдануы да мүмкін. Ол келіссөзді бастау туралы шешім қабылданғаннан соң, Еуроодаққа мүше әрбір ел үшін “вето қоятын” ұзын ырғасы 71 мүмкіндік болады”, - деді О.Ренн.

Оның айтуынша, Еуроодақ саясатының кейбір саласы Түркия үшін жабық болады және, сонымен бірге, Түркиядан ағылатын иммиграцияға бөгет қоятын тұрақты кепілдік болуға тиіс. Оған қоса, деп мәлімдеді О.Рен, Анкара Еурокомиссияның қатаң бақылауына бағынатын болады. Еурокомиссия Түркияның “қол жеткізген жетістіктері бойынша жыл сайын баяндама” шығарып тұрады. Осындай кезекті баяндама 9-ыншы қарашада жарық көруге тиіс.
XS
SM
MD
LG