Accessibility links

Египет әскері Газа секторының шекарасын жауып тастады


Египет әскері кеше Газа секторы мен Египет арасындағы шекараны жауып тастады, осылайша палестиндік азаматтардың жолына тосқауыл қоюды жөн көрді. Израиль шекара бақылауының мәселесін көтерген соң, Египет үкіметі шекара күзететін полицияның орнына 750 сарбазды қойды. Египет шекарашылары кеше Газа секторына қару тасу үшін қазылған жерасты жолды тапты. Египеттен Газа секторына апаратын жерасты жолда ондаған автомат табылды.
XS
SM
MD
LG