Accessibility links

Әзірбайжан оппозициясының басшысы парламенттік сайлауға жолатылмай отыр


Әзірбайжан Орталық сайлау комиссиясы оппозициядағы Ислам партиясының басшысы Қажы-аға Нұриевті парламенттік сайлауға кандидат ретінде тіркемей тастады. Сайлау комиссиясы Қажы-аға Нұриев тіркеуге оппозициялық саяси одақтың мүшесі ретінде де ұсынылды, Ислам партиясының өкілі ретінде де ұсынылды деп көрсетті. Сайлау комиссиясы Ислам партиясы үкіметте тіркелмеген, заң бойынша діни қайраткерлердің парламенттік сайлауға түсуге құқы жоқ деп көрсетті. Қажы-аға Нұриев өз мәлімдемесінде сайлауға Ислам партиясының атынан түскен емеспін, Әзірбайжан үкіметі ел ішіндегі танымалдығымнан қорқып отыр деді.
XS
SM
MD
LG